Ұлытау облысында көпбалалы аналарды қолдауға 188 миллион теңгеге жуық қаражат бөлінді, — деп хабарлайды Massaget.kz.
8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні қарсаңында өңірдегі көпбалалы аналарға біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі.
«Алтын алқамен», «Күміс алқамен» марапатталған, бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған әйелдерге 20 000 теңге мөлшерінде төлем беріледі», — деп жазылған әкімдік хабарламасында.
Бүгінде өңір бойынша осы санатқа жататын аналардың саны — 9 375. Бұл мақсатқа жалпы 187 500 000 теңге бағытталып отыр.