Қазақстанның үш облысында тұқым қоймаларын су басты

0 17

Ауыл шаруашылығы министрлігі тұқым қоймалары мен жылыжай кешендерін су басу фактілері туралы хабарлады.

«Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің деректеріне сәйкес, биылғы су тасқыны салдарынан облыста жалпы көлемі 4 мың гектарға жуық күздік егіс алқаптарын, сондай-ақ Бәйтерек ауданы Махамбет ауылдық округінде 1 гектар жылыжай кешенін су басты», — делінген министрліктің Kazinform агенттігіне берген жауабында.

Ведомство мәліметіне қарағанда, өңір әкімдіктері Ақтөбе, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында 170 тоннаға жуық (Ақтөбе облысы – 80 тонна, Қостанай облысы – 40 тонна, Солтүстік Қазақстан облысы – 50 тонна) тұқым су астында қалғанын хабарлады.

«Жалпы алғанда, облыс әкімдіктерінің жедел мәліметтері бойынша егін алқаптарын су басу қаупінің басқа деректері тіркелген жоқ. Егін егу науқаны басталған кезде ылғалдылығы тым жоғары алқаптар болса, онда тыңайған алқаптарға дән себу арқылы егіс алқабы кеңейтіледі», — делінген жауапта.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехника университетінің егіншілік және өсімдік шаруашылығы кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD докторы Әділбек Ноғаев биыл егіс науқанына төнетін қатерді атады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.