ҚР ӨҚМ Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасы Бақытжан Жүнісбеков құрылыс компанияларының «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ кепілдігін алуы пәтер сатып алушылардың құқығын қорғау механизмін айтарлықтай нығайтатынын айтты.
— Құрылыс салушы мен уәкілетті компания кепілдік алу үшін «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ-ға (ҚТК) жүгініп, жобаның заңдық тазалығын, экономикалық орындылығын және тараптардың қаржылық тұрақтылығын растайтын қажетті құжаттар пакетін ұсынады. ҚТК жобаға кешенді бағалау жүргізеді, оған техникалық-экономикалық, қаржылық және заңдық сараптама, сондай-ақ тәуекелдер мен қаржыландыру құрылымын талдау кіреді. Кепілдік беру туралы шартқа қол қойылғанға дейін уәкілетті компания бас мердігермен шарт жасасуға және «ҚТК» АҚ мен инжинирингтік ұйыммен үшжақты келісімге қол қоюға міндетті. Инжинирингтік ұйым техникалық қадағалауды, құрылыс-монтаж жұмыстарының мерзімі мен көлемін бақылауды, сондай-ақ үлескерлердің қаражатын мақсатты пайдалану мониторингін жүзеге асырады, — деді ол ОКҚ алаңындағы баспасөз мәслихатында.
Сондай-ақ ол барлық алдын ала рәсімдер аяқталғаннан кейін ҚТК мен уәкілетті компания арасында кепілдік беру туралы шарт жасалып, онда тараптардың міндеттемелері мен кепілдік жағдайын тану шарттары бекітілетінін айтты.
— Бірыңғай оператордың кепілдігі үлескерге қосымша мүліктік кепілзатсыз-ақ салынып жатқан тұрғын үйге ипотекалық несие рәсімдеуге, сондай-ақ «Отбасы банкі» жүйесінің құралдары арқылы зейнетақы жинақтарын пайдалануға мүмкіндік береді. Осылайша, кепілдік тетігі үлескерлерге сенімді құқықтық қорғауды, құрылыс қаржыландыруының ашықтығын және құрылыс салушыда қаржылық тәуекелдер туындаған жағдайда жобаның аяқталуын қамтамасыз етеді, — деді Бақытжан Жүнісбеков.
Еске салсақ, 30 маусымда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй құрылысына, автомобиль жолдарына үлестік қатысу және мүгедек адамдарды тасымалдау бойынша қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң қабылданды. Жаңа заң елімізде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы сын-қатерлерді азайтып, құрылыс салушылардың жосықсыз тәжірибесін реттеуге бағытталған нормалар бар.
Сондай-ақ жаңа заңға сай, енді құрылыс компаниясынан қолма-қол ақшаға пәтер немесе тұрғын емес жай сатып алуға тыйым салынады. Ол тұрғын үй алыпсатарлығының алдын алу үшін жасалып жатыр.