Мемлекет басшысы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованы қабылдап, бірқатар міндет жүктеді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Қасым-Жомарт Тоқаев кездесуде мемлекеттік және салалық бағдарламалар мен ұлттық жобаларды тиімді іске асырудың маңызды екенін атап өтті.
— Сондай-ақ Президент білім беру сапасын арттыру, саладағы өзекті мәселелерді уақтылы шешу және азаматтармен тығыз қарым-қатынас орнату қажеттігіне назар аударып, нақты міндеттер жүктеді, — делінген хабарламада.
Осыған дейін Мемлекет басшысы жаңадан тағайындалған Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевті қабылдаған еді.
Бүгін таңертең Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі — Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай кейінгі кадрлық өзгерістерге байланысты түсініктеме берді.