«ҚазАвтоЖол» мекемесі еліміздің 4 өңірінде қалың қар түсіп, боран соғу мүмкіндігіне байланысты жүргізушілерге ескерту жасады.
-2026 жылғы 13 ақпанда Алматы, Жамбыл, Жетісу және Түркістан облыстарының кей жерлерінде қар жауып, боран соғуы мүмкін. Сол себепті жүргізушілерге жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз,-делінген хабарламада.
Осыған дейін «ҚазАвтоЖол» елдегі жолдардың жағдайы туралы мәлімет берген еді.