Президент Әкімшілігінің бірқатар қызметкері мемлекеттік наградалармен марапатталды

0 3

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

— Мемлекет басшысының Жарлығымен адал еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі, заңдылық пен қоғамдық тәртіпті нығайтудағы қызметі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды, — делінген хабарламада.

Ерлан Қарин мемлекеттік қызметшілерге Президенттің жылы лебізін жеткізіп, марапаттарды табыстады.

Осыған дейін Президент бір топ азаматқа мемлекеттік наградалар табыстаған болатын.

Leave A Reply

Your email address will not be published.