Билеттерді электронды сатып алу көрсеткіші 90%-ға жеткізілмек

0 0

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясында «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын «Цифрлық темір жол» стратегиясы аясында жүзеге асыруға байланысты брифинг өтті.

Шарада теміржол құрылымы саласындағы мультимодальдық, жолаушылар және жүк тасымалындағы жобаларға және оларды тиімді ұйымдастыру мақсатындағы ақпараттық жүйені өндіріске енгізуге байланысты міндеттерге тоқталды.

«Компания 2020 жылға қарай билеттерді электронды сатып алу көрсеткішін 90%-ға жеткізуді көздеп отыр, тек 10%-ы мемлекетаралық бағыттарда қағаз нұсқада сақталады… Сондай-ақ, инфрақұрылымды жетілдіру аясында пойыздар қозғалысын басқару орталығын енгізуді жоспарлап отырмыз. Ол онлайн жүйесінде пойыздың жалпы жағдайын қадағалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, вокзалдарды цифрлау аспектісін қозғаймыз, яғни, жолаушылар үшін 17 теміржол вокзалын цифрлық қызмет көрсетумен қамтамасыз етпекпіз. Ол, әрине, Wi-fi, телевидение, ақпараттық тақта және интерактивті навигация пунктері», — деді «ҚТЖ» ҰК» АҚ Ақпараттық технология жөніндегі вице-президенті Арман Нұрышев.

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы жүк шаруашылығындағы «Келісім және коммерциялық жұмыстарды» автоматтандырылған басқару жүйесі табысты жүзеге асырылуда. Бұл жоба бойынша «бір терезе» тәсілімен жоспарлау, тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру, тасымалдау жұмыстарына қатысты электронды ақы төлеу жүргізіледі.

«Жүк жөнелтуші интернетке шыға отырып, АСУ ДКР жүйесі арқылы тасымалдауды жоспарлайды. Оған тапсырыс береді. Тасымалдау құжаттарын рәсімдейді. Тасымалдаудың тарифтік көрсеткішін алдын ала есептеп шығады. Қазіргі таңда бұл жүйеде компанияның 20 мыңнан астам тапсырыс берушісі тіркеліп, 5000-нан астам жүк станцияларының еңбеккерлерімен тығыз жұмыс жасап жатыр», — дейді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ біріктірілген жоспарлау жөніндегі атқарушы директоры Владимир Петров.

Дереккөз: Baq.kz 

Leave A Reply

Your email address will not be published.