Табысы төмен азаматтар «5-20-25» бағдарламасымен баспана алу мүмкіндігі бар. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты.
Министр қазіргі уақытта 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық дамуының мемлекеттік бағдарламасын әзірленгенін, оның нақты 5 міндеті бар екендігін айтты.
«Бірыңғай тұрғын үй саясатын іске асыру атты бірінші міндеттің аясында тұрғын үйге қолжетімділік сатысы енгізіледі. Айқындаушы фактор — халықтың табысы. Әрбір отбасы мүшесіне шаққанда бір ең төмен күнкөріс деңгейіне дейінгі табысы бар азаматтарға сатып алусыз жалға берілетін тұрғын үй ұсынылады. «Бақытты отбасы« бағдарламасы бұрынғыдай 2-ден төмен күнкөріс деңгейіне дейінгі табысы бар азаматтарға, 3,1-ден төмен күнкөріс деңгейіне дейінгі табысы бар азаматтарға»5-20-25« бағдарламасы бойынша әкімдіктердің кредиттік тұрғын үйлерін алу мүмкіндігі беріледі. Табысы 3,1-ден ең төмен күнкөріс деңгейінен асатын азаматтарға «7-20-25« бағдарламасы ұсынылады», — деді ол.
Оның атап өтуінше, азаматтар бастапқы және кейінгі нарықтан тұрғын үй сатып алу үшін қолданыстағы нарық өнімдерін пайдалана алады.
«Баспана алудың ашықтығы мен бірыңғай жүйелік есепке алуды қамтамасыз ету үшін кезекте тұрған тұрғындардың бірыңғай республикалық базасы енгізіліп жатыр. Аталған базаның деректері кезекте тұрған адамдар арасында тұрғын үйдің қолжетімілігін анықтау үшін пайдаланылады. Бұл мемлекеттік қолдаудың нақты адамға берілуімен мемлекеттік қаражатты пайдаланудың тиімділігін қамтамасыз етеді», — деді Б.Атамқұлов.
Дереккөз: ҚазАқпарат