Нью-Йоркте коронавирустың таралуын тоқтату мақсатында мектептер мен мейрамханалар жабылды, деп хабарлайды ВВС.
«Қаланы қауіптен қорғау үшін жылдам әрекет етуіміз керек», — деді қала билігі.
Басылымның хабарлауынша, АҚШ Еуропа елдеріне баруға салған тыйымды кеңейтіп, бұл мемлекеттердің қатарында Ұлыбритания мен Ирландия Республикасын қоспақ.
«АҚШ-та коронавирустан 69 адам қаза тапты. Жалпы инфекция жұқтырғандар саны 3774 адамға жетті», — деп жазады автор.
Оның айтуынша, 8 миллионнан астам тұрғыны бар Нью-Йорк қаласында аталған індеттен 5 адам қаза тапқан.
«Нью-Йоркте мектептер дүйсенбіден бастап жабылды. Ондаған миллион адам үйде болады. Бұл тұрғындардың алаңдаушылығын арттырды, себебі баласы барларға жұмыс орнынан ешқандай жеңілдіктер қарастырылмаған», — деп жазады автор.