Коронавируспен күресуге бағытталған арнайы шот ашылды

0 0

Алматыда «Жаңа Алатау» қоғамдық қорында коронавирустан қорғану іс-шаралары үшін арнайы шот ашылды, деп хабарлайды   «ZhambylNews» АА ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұл туралы «Nur Otan» партиясының Алматы филиалы төрағасының орынбасары Станислав Канкуров Алматы әкімдігінде өткен онлайн брифинг барысында айтты. «Бізге қарапайым халық пен партия мүшелерінен, бастапқы партия ұйымдарынан көп ұсыныс түсіп жатыр. Сондықтан әкімдіктің қолдауымен Алматы қалалық филиалы «Жаңа Алатау» қорында арнайы шот ашпақ. Бұл шотқа кез-келген азамат қаражат жібере алады.

Бұл қаражатқа әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасыларға санитарлық қорғаныс құралдары, антисептик, маска, санитайзер, антибактериалды салфеткалар сатылып алынады. Қордың есепшотына қазір 200 млн теңге көлемінде қаражат түсті. Бұл қаражаты ҚР Тұңғыш Президенті қоры аударған. Жаңа Алатау қоры» бүған дейін Алматы болған төтенше жағдайлар барысында Медеудегі өрт кезінде, Наурызбай ауданындағы сел кезінде, Арыстағы апат кезінде, Алматыдағы ұшақ апаты кезінде жапа шеккендерге көмек берген. Қор жұмысын арнайы комиссия басқаратын болады», — деді партия филиалы төрағасының орынбасары Станислав Канкуров. Сонымен қатар, оның айтуынша, «Nur Otan» бастауыш партия ұйымдары, филиал қызметкерлері «Жаңа Алатау» қорының шотына бір күндік жалақысын аудармақ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.