Биыл Астана күні қалай тойланады

0 0

COVID-19 пандемиясына байланысты елімізде биыл Астана күні қалай тойлануы мүмкін? Бұл сұраққа Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова жауап берді, — деп хабарлайды  «ZhambylNews”  АА  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап .

«Әлбетте бұған дейін астанамыздың мерекесі аясында көптеген концертті жоспарлаған едік. Ендігі кезекте елдегі карантинге байланысты жағдай қалай болады – соған қарай жоспар жасаймыз. Әйтсе де қала тұрғындары мен меймандарын офлайн жобалармен қуантамыз деген ойдамын. Әлбетте онлайн-режимдегі жобалар да көп болады. Астанамыздың мерекесіне орай мәдени шараларды лайықты деңгейде даярлайтынымзды айтқым келеді», — деді Ақтоты Райымқұлова ОКҚ-да онлайн режимде өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетсек, бұған дейін Ақтоты Райымқұлова 3D форматында экскурсия ұсынатын еліміздегі музейлер мен ескі қалашықтарды атаған болатын.

Leave A Reply

Your email address will not be published.