https://www.instagram.com/p/BndYPHxhGFM/?taken-by=almaty.life
Полиция тергеу жұмыстарын бастады, оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Түркістан облысының полицейлері Шардара ауданының тұрғынын өлтірді деген күдікпен екі адамды ұстады.
Оқиға 7 қыркүйекте болған. Шардара аудандық ішкі істер бөліміне ауылдардың бірінің маңындағы төбелес туралы хабар келіп түскен. Оқиға орнына шұғыл жеткен полицейлер клиентке таласып қалған фермерлердің жанжалдасып, қару пайдаланғанын анықтайды. Төбелес салдарынан зардап шеккендердің бірі оқиға орнында мерт болып, ал екеуі түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.
Жедел іздестіру жұмыстарының нәтижесінде полицейлер екі күдіктіні ұстады. Олар — Түркістан облысының тұрғындары. Олардың бірінен аңшы мылтығы тәркіленді.
Адам өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Дереккөз: Sputnik Қазақстан