Вазелиннің сіз білмеген 7 пайдасы

0 6

Вазелин майын көбінесе ерін жарылғанда жағамыз. Алайда вазелиннің одан өзге пайдалы тұстары бар. Вазелин суда және спиртте ерімейді. Ол тек медицинада ғана емес, металдарды коррозиядан қорғауда және электроникалық өнеркәсіпте де қолдананылады. Ең тиімді тұсы оны кез келген дәріханадан қолжетімді бағада алуға болады. Осы орайда вазелиннің күнделікті өмірде қолданылар пайдалы тұстарын айтуды жөн көрдік.

1. Шаш бояу кезінде теріні қорғайды. Шаш бояуы құлақ, мойын, маңдай терілеріне жұқса, кетіру қиын екенін қыздар қауымы жақсы біледі. Әсіресе, бояу қара түсті болған кезде тым қиынға соғады. Сондықтан келесіде шаш бояр алдында теріңізге вазелин жағып алсаңыз, оған тиген бояудан тез құтыласыз.

2. Бет әрлеу сәтсіз шыққанда қолданыңыз. Макияж жасағанда ойдағыдай шықпай қалатын кездері болады. Сол сәтте бәрін жуып, басынан бастау шарт емес. Мақта таяқшасына вазелин жағып, артық тұстарын өшіріп тастаңыз.

3. Кірпікті ұзартады. Егер кірпігіңіз қалың әрі ұзын болсын десеңіз, түнде жатар алдында кірпігіңізге қалыңдап вазелин жағыңыз. Аптасына үш рет қайталап жағып тұрсаңыз, бір айда оң нәтижесін байқауға болады.

4. Әтір иісі тұрақтылығы үшін. Сүйікті парфюміңіз теріде барынша ұзақ сақталуы үшін, құлақтың түбіне, білекке және басқа да әтір шашатын жерлерге аздап вазелин жағып қойыңыз. Сонда әтірсуыңыздың иісі тәулік бойы жоғалмайды.

5. Тері ауруы мәселесінде. Медициналық тәжірибеде вазелин майы іш жүргізетін және сыртқы қолданыстағы дәрі ретінде (тамшы, мазь) қолданылады. Ал теріге қатысты қиын мәселелер туындағанда, шамалы дәрі-дәрмек алып, вазелинмен жақсылап араластырып, артынан теріңізге жақсаңыз, теріңізден оң нәтиже байқайсыз.

6. Тұмаумен ауырғанда. Тұмауратып ұзақ ауырғанда, мұрын айналасындағы тері қызарып тұрады. Осы сәтте вазелинді мұрныңызға жағар болсаңыз, бұл мәселеден тез әрі оңай құтыласыз.

7. Сырғаны ауыртпай тағуға көмектеседі. Сырғаны біршама уақыт тақпаса, құлақтағы сырға тағу орны кішірейіп қалады. Сондықтан қайтадан сырға тағарда  құлақ ауырады. Қатты ауырмас үшін құлаққа вазелин жағып, артынан сырғаңызды таға берсеңіз болады.

 Massaget.kz 

Leave A Reply

Your email address will not be published.