Коронавирус қандай температурада тез жұғады?

0 7

Гонконг университетінің ғалымдары коронавирустың қандай температурада белсенді болатынын әрі қай температурада тез өлетінін айтты. Мұны medRxiv порталы хабарлады.

Қытай ғалымдарының айтуынша, сілекей арқылы ауаға тараған коронавирус +4 Cº температурада өте белсенді келеді. Мұндай қолайлы температураға түскен вирус 14 күн бойы тірі болатын көрінеді.

Жалпы SARS-CoV-2 инфекциясы ыстық температураны көтере алмайды, 70 градус ыстықта бес-ақ минут өмір сүреді екен. Яғни, күн ысыған сайын, вирусқа да өмір сүру қиын болмақ.

Мамандардың айтуынша, коронавирустың тірі қалуына оның қандай заттың бетіне түскені де әсер етеді. Мәселен, қағаздың үстіне түскен вирус 3 сағаттың ішінде өліп қалса, киім мен ағаш үстелдің үстінде 2 күн, терезеде – 4 күн, пластикте – 7 күн бойы өмір сүреді.

Ал медициналық маскаға кеп тұрып қалған вирус 7 күнге дейін тіршілік етеді. Сондықтан бетпердені жиі жуып, дезинфекция жасап отырған жөн. 30 наурыз таңғы деректерге көз жүгіртсек, әлемде коронавирус жұқтырғандардың саны 638 мыңнан асқан, 30 мыңнан аса адам көз жұмды. Вирус әлемнің 202 еліне тарап үлгерді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының хабарлауынша, COVID-19 індетіне бір күннің ішінде 63 мыңнан аса адам шалдығып, 3500-ге жуық адам көз жұмған.

Ал Қазақстанда қазіргі уақытта 229 адам осы індетпен ауырып жатыр.

 Massaget.kz 

Leave A Reply

Your email address will not be published.