• Жапондық студенттер емтиханға өздерімен бірге Kit Kat шоколадын алып кіреді. Бұл — олардың сәттілік әкелетін бойтұмарлары екен. «Кitto katsu» жапон тілінен аударған «міндетті түрде жеңемін» деген мағынаны білдіреді.
• Everest Poker компаниясы өздерінің маркетингтік зерттеулері арқылы онлайн-покер ойыншалырының басым бөлігін студенттер құрайтындығын анықтады.
• ХІХ ғасырда шарапханадан қайтқан Ресей студенттерінің арқасына олардың мекен-жайлары жазылып жіберілетін болған. Бұл қатты масайып қалған студентке үйіне жетуге көмектесушілер үшін жасалған көрінеді.
• Ерте кездердегі университеттерде емтихан барысында студентке шарап ішіп отыруға рұқсат берілген.
• Сіздердің араларыңызда қарт студенттер бар ма? Жоқ?! Олай болса, еуропалық студенттерге көз жүгіртіңіз. Себебі, еуропалық адамдар көбіне жастары ұлғайған кезде студент атанып жатады. Мәселен, Швецияда студенттердің орта жасы — 25,5.
• Йель студенттері өздерінен төмен курста оқитын замандастарына дәптерлерін көшіртуге еш қиналмастан береді екен. Тегін. Бірақ көшірген студенттің көзіне жасыл бояу жағып тастайды да, күн бойы студенттің үстіне мініп жүреді.
• Норвегияда жоғарғы білімді тегін, еш кедергісіз алуға болады. Сондай-ақ студентке кредит беріледі.