Кей түндерді ұйқысыз өткізуге мәжбүр боламыз. Қандай да бір тапсырма орындау керек немесе емтиханға дайындалу қажет. Ендеше, таңға дейін ұйықтамау үшін ағзаны қалай алдауға болатындығын айтамыз.
1. Қауіпсіздік туралы ұмытпаңыз. Ұйқысыз түн үшін ағза сізге риза болмайтыны анық. Ол өміріңізге тікелей зиянын тигізуі мүмкін. Келесі күні рөлге отырмаңыз: ұйқының қанбауы ағзаға алкоголь секілді әсер етеді. Егер жиі ұйқысыз жүретін болсаңыз, семіру, инсульт, ісік, жүрек аурулары және қант диабеті қаупі жоғарылайды. Бәрі біткен кезде міндетті түрде ағзаның қалпына келуіне мүмкіндік беріңіз. Сонымен қатар, әрине, мұндай түндердің жиі қайталанбауына мән беріңіз. Жұмысыңызды, берілген тапсырманы бір түнге қалдырмай, уақытында орындауға тырысыңыз.
2. Бірнеше минут болса да мызғып алыңыз. NASA ғалымдары 26-минуттық ұйқы ұшқыштардың жұмыс қабілеттілігін 34%-ға жоғарылататындығын анықтады. Бұл «қайта жүктелудің» және таңға дейін шыдаудың жақсы әдісі. Бастысы – төсектен тұруға өзіңізді мәжбүрлеу.
3. Жарықты қосыңыз. Ағза жарыққа әсер етеді: ол қараңғыда ұйқы гормоны мелатонинді бөледі. Сондықтан, кешкісін ашық жарықтың орнына үстелдік шамды қосуды қалаймыз. Онымен күресіңіз. Ұйқыңыз келе бермес үшін ашық жарық қосыңыз
4. Интернетте біреумен ұрысыңыз. Ол ақымаққа оның дұрыс еместігін дәлелдеңіз. Ұрыс «ұр немесе қаш» реакциясын жібереді, сондықтан ағза күйзеліс гормонын бөле бастайды. Олар сізді жауынгерлік әзірлікке әкеледі. Ұйықтау түгіл бір орында отырғыңыз келмей қалады. Әрине, бұл жақсы идея емес, бірақ мысалы, көптен бері сүйікті әншіңізді қатал сыншылар пікірінен қорғағыңыз келіп жүрсе, өзіңізге пайдасы тиетін мүмкіндік бар.
5. Суық сумен жуыныңыз. Беті-қолыңызды суық сумен шайыңыз немесе мүмкіндік болса, салқындау душ қабылдаңыз. Сонымен қатар, терезелерді ашып, бөлмені желдетіп алуға болады. Жылы ауада адамның ұйқысы келеді.
6. Сағыз шайнаңыз. Ми тамақ қорыту керек деп ойлап қалады да, ағзаны инсулин бөлуіне мәжбүрлейді. Ал ол сергектік сезімін тудырады.
7. Кофені аз-аздан ішіңіз. Кофені бірден көп мөлшерде ішу – жаман идея. Жүйке жүйені қоздырып, зейін қоюды жоғалтып аласыз. Сондықтан 1 кесе кофеден әр 3-4 сағат сайын ішіп отырыңыз. Сонымен қатар, кофені аш қарынға ішпей, жеңіл бірдеңе жеуді ұмытпаңыз.
8. Кешкі ас ішпеңіз. Ас қорытуға көп күш кетеді, сондықтан өте тойымды тамақтан соң өзіңізді шаршаңқы сезініп, ұйқыңыз келеді. Ал аздап қарныңыз ашып тұрса, керісінше, сергек боласыз.
9. Қозғалыңыз. Физикалық жаттығулар қосымша энергия береді. Отырып тұруға, жүгіруге болады, бірақ ең дұрысы – серуендеу. Зерттеулер бойынша, таза ауада 15 минуттік жүріс 2 сағат жұмыс істеуге күш береді.