БЕЙЖІҢ. Қазақстандықтар 9 ақпан күні Бейжіңде өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарында спорттың 3 түрінен сынға түседі.
Атап айтсақ, ертең, 9 ақпанда қазақстандық спортшылар тау шаңғысы, шаңғы қоссайысы және шорт-тректен сынға түседі.
9 ақпанға арналған жарыс кестесі:
Тау шаңғысы, әйелдер
Александра Троицкая
Басталуы: 8:15 — бірінші мүмкіндік
11:45 – екінші мүмкіндік
Шаңғы қоссайысы, ерлер
Шыңғыс Ракпаров Басталуы: 14:00 – орташа трамплин
17:00 – Гундерсон жүйесі бойынш із кесу жарысы
Шорт-трек
Ольга Тихонова, Әділ Ғалиахметов және Денис Никиша.
Басталуы: 17:00 — 1500 м. Ширек финал, ерлер 17:44 — 1000 м. Іріктеу, әйелдер 18:29 — 1500 м. Жартылай финал, ерлер Айта кетейік, Бейжің қаласындағы 2022 жылғы қысқы Олимпиадада спорттың жеті түрінен 109 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Ақ Олимпиадада еліміздің атынан 34 спортшы 85 жолдама бойынша сынға түсіп жатыр.