Олимпиада -2026: биатлоншылар кезекті жарыс күнін аяқтады

0 2

Бүгін Италиядағы XXV қысқы Олимпиадада биатлоннан әйелдер арасындағы алғашқы жүлде үлестірілді. Бұл туралы Спорт және дене шынықтыру істері комитеті хабарлады.

15 шақырымды құрайтын жеке сайыста Айша Рақышева 86-орын алса, Милана Генева 89-орынмен тәмамдады.

Жарыстың басты сенсациясы ретінде Болгария өкілі Лора Христованың қола жүлде алуы болды.

Жүлдегерлер:

1-орын. Жулия Симон (Франция) — 41:15.6
2-орын. Лу Жанмонно (Франция) — 42:08.7
3-орын. Лора Христова (Болгария) — 42:20.1
86.Айша Рақышева — 53:52.8
89.Милана Генева — 54:22.4

Биатлоннан кезекті жарыс 13 ақпанға жоспарланған.

Айта кетейік, Айша Рақышева мен Милана Генева өз мансаптарында алғаш рет Олимпиадаға қатысып жатыр.

Еске салсақ қазақстандық могулшы қыздар жүлдесіз қалған еді.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.