Облыстардағы спорт нысандарында түгендеу жүріп жатыр — Асхат Оралов

0 11

Биыл 113 жаңа спорт нысанын салу жұмыстары жалғасады. Бұл туралы Үкімет отырысында Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Атқарылып жатқан жұмыстарға қарамастан, саланың проблемалары да жеткілікті. Салаға қатысты жүргізілген талдау көрсеткендей, елде дене шынықтыруды дамытудың негізгі проблемасы – қажет спорт инфрақұрылымының жетіспеуі. Жергілікті жерлерде әкімдіктер қолданыстағы спорт ғимараттарын, алаңдарын қайта қалпына келтіру және жаңарту, сонымен қатар халық тығыз орналасқан орындарда қымбат емес спорт нысандарын салу жөнінде біршама шаралар қабылдап жатыр. Алайда бұл жұмыстар жеткіліксіз. Жалпы, ел бойынша 43 мыңнан астам спорт ғимараты болса, оның 23 мыңнан астамы ауылдарда орналасқан», — деді А. Оралов.

Оның айтуынша, биыл Үкімет қаулысымен бекітілген жоспарға сәйкес, 113 жаңа спорт нысанын салу, 20 нысанды реконструкциялау, жұмыс істеп тұрған спорт объектілерін жете жарақтандыру жөніндегі 6 жоба бойынша жұмыс жалғасады.

«Министрлік қазіргі кезде облыстардағы спорт нысандарына қатысты түгендеу (инвентаризация) жүргізіп жатыр», — деді министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, жылда Қазақстанда 1,2 млн адамды қамтитын түрлі деңгейдегі спорттық-бұқаралық іс-шара өткізіледі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.