Президент сұхбатында барлық азаматтың көкейінде жүрген мәселелер жан-жақты талқыға түсті- сарапшы

0 79

Президент сұхбатында барлық азаматтың көкейінде жүрген мәселелер жан-жақты талқыға түсті. Мұндай пікірді «Рухани жаңғыру» ҚҚДИ Стратегиялық сараптау тобының жетекшісі Ләззат Нұрқатова білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Президенттің сенбі күнгі сұхбатын үлкен ықыласпен тыңдадым. Алғашқы минуттардан-ақ оның ашықтығын, шынайылығын және диалогқа оң қарайтындығын сезіндім. Қасым-Жомарт Кемелұлы қойылған сұрақтардың бәріне ашық жауап беріп, ыңғайға келмейтін, қитұрқы сұрақтардан да жалтарған жоқ. Ең бастысы бүгінде барлық азаматтың көкейінде жүрген мәселелер жан-жақты талқыға түсті», — деді ол Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кешегі «Хабар» агенттігіне берген сұхбатына орай.

Оның атап өтуінше, сұхбат барысында ҚР Президенті ҰҚШҰ-ның бітімгершілік әскерін кіргізу, оқ атуға бұйрық беру, Қытаймен және Ресеймен сыртқы саясат, елдегі кадрлық ауыс-түйіс мәселелеріне қатысты ойын ашық жеткізді.

«Мемлекет басшысы Тұңғыш Президент – Елбасының ел дамуындағы сөзсіз үлесін тағы бір еске салды. Бұл жайында ол күні кеше ғана өткен Nur Otan париясының кезектен тыс съезінде де айтқан еді. Президент қоғамдағы өзекті кез келген мәселені талқылауға дайын екендігін білдірді. Сонымен қатар шешімдер қабылдау барысында азаматтардың пікірін ескеру қажеттігін баса айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға сәйкес қабылданған шешімдердің, қасіретті қаңтар күндері қабылданған іс-шаралардың дұрыстығына толығымен жауап беретіндігін көрсетті», — деді Ләззат Нұрқатова.

Leave A Reply

Your email address will not be published.