2025 жылы донорлық ағзалардың болмауына байланысты 342 адам көз жұмды. Бұл туралы ДСМ баспасөз қызметі хабарлады.
Бір жылдың ішінде қайтыс болғаннан кейінгі донорлардан 18 донорлық процесс жүргізілді, бұл өмірлік маңызды ағзаларды 68 трансплантаттауға мүмкіндік берді. Бұл ретте 184 әлеуетті донор анықталды, жүйе жұмыс істейді, бірақ қоғамның сенімі мен хабардарлығы мәселесі шешуші болып қала береді.
Бүгінгі таңда күту парағында балаларды қосқанда 4506 пациент бар. Тек 2025 жылы донорлық ағзалардың болмауына байланысты 342 адам трансплантаттауды күте алмай, көз жұмды.
Жыл ішінде кадрларды даярлау күшейтілді: трансплантаттауды үйлестіру бойынша сертификаттау курсы енгізілді (168 маман), 42 дәрігер шетелде оқудан өтті.
Айта кетелік Павлодарда донор әйел төрт адамның өмірін ұзартуға себепші болған еді. Сонымен қатар ақмолалық донордың бүйректері күту парағында тұрған екі пациентке ауыстырылды.