Құрметті қала тұрғындары!

0 5

Көпбалалы және аз қамтамасыз етілген отбасылардың тұрмыстық жағдайын жақсарту мақсатында жеке қосалқы шарушалығын жүргізу үшін жер телімдері беріледі.
Осы бағдарламаны жүзеге асыру үшін «Арай» шағын ауданынан 50 га жер телімі бөлінген. Бұл жер көпқабатты тұрғын үйде тұратын тұрмыстық жағдайы төмен отбасылар өзін-өзі өсімдік өнімдерімен қамтамасыз ету және артылған өнімді нарыққа ұсыну, сату үшін көкөніс егуге арналған.

Жер телімін уақытша жалға алатын тұрғындар тек тыңайтқыш пен өнім, суға ғана төлеулері керек. Жерді инфрақұрылыммен жабдықтауға қала әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі жауапты.

Аталған бағдарламаға қызығушылық білдірген тұрғындарды келесі мкен жайға хабарласуларыңызды өтінеміз: « Самал» мөлтекауданы, 14 үй 2 «а» пәтер, тел: 8(7262)31-83-50, 87075585253

Leave A Reply

Your email address will not be published.