Жаңатаста тұрғындар баспаналы болды

0 3

Бүгін Жаңатас қаласында Отбасы күніне орай, қос қуанышты сәт орын алды. Бірі жаңадан салынған 6 шағынаудан 11/3 тұрғын үй пайдаланылуға берілсе, енді міне тағы бір тұрғын үй қайта жаңғырудан өтіп, тұрғындар игілігін көрмек.

Жаңатас қаласында 1 шағынаудан, 45 тұрғын үйдің ашылу салтанаты өтті. Салтанатты шараға аудан әкімі Сәкен Мамытов қатысып, құттықтау сөз сөйледі: — Мемлекеттік саясаттың басты мақсаты — халықтың талап- тілектеріне құлақ асып, әлеуметтік жағынан аз қорғалған және жылдар бойы пәтер кезегінде тұрған көп балалы отбасыларға бағытталған игі істерді жалғастыру, — деді аудан басшысы. Мұнан соң аудандық билер кеңесінің төрағасы Қалмырза Жандарбек те жаңа қоныс иелеріне жылы лебізін жолдады.

Тұрғын үйдің лентасын аудан әкімі Сәкен Мамытов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Аппазов пен аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Сахарап Қырғызбаев салтанатты жағдайда қиды. Тұрғындардың атынан жаңа пәтер иесі атанған ардагер ұстаз Мариям Сәдібекова сөз сөйлеп, мемлекеттік саясатты сапалы жүзеге асырып отырған аудан басшылығына алғысын айтты. Айта кетейік, 63 пәтерлі тұрғын үйді қайта жаңғыртудан өткізген жеке кәсіпкер — Самат Жапабаев құрылысты 2025 жылы бастаған болатын. Осылайша жаңатастықтар үшін мерекедегі қос қуаныш мерейді асырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.