Қазақстандық фристайлшы Рейхерд әлем кубогы кезеңінде күміс медаль иеленді

0 0

  Дмитрий Рейхерд Дир-Вэллиде (АҚШ) өткен әлем кубогында күміс медаль алды. Могул жаттығуында сынға түскен ол финалда, 83,66 ұпай жинады. Алтынды канадалық Микаэль Кингсбери (88,80), қоланы австралиялық Мэтт Грехам (82,37) иеленді. Рейхерд биылғы әлем кубогының кезеңінде төртінші медалін иеленді. Ол желтоқсанда Финляндия, Қытай және Канадада өткен кезеңде күміс алған. Қазір ол әлем кубогының жалпы есебінде Кингсбериден кейін екінші орында тұр.  Рейхерд – 2011 жылғы Азия ойындарының, 2017 жылғы қысқы Универсиаданың чемпионы. Ол биыл Пхенчханда өтетін қысқы Олимпиада ойындарына қатысады.

Дереккөз: 24.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.