2017 жылы Қазақстанда импортталатын көкөністер 22,2% арзандады

0 0

Қазақстанда экспортталған тауарлардың бағасы 2017 жылғы желтоқсанда 2016 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 21,2%, импорт тауарлары 6,8% көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Есепті кезеңде экспортталған темір қорытпалары — 44,2%, мырыш — 26,5%, мыс — 21%, көмір — 16%, мұнай — 29,5%, қорғасын — 9,4% қымбаттап, марганец рудалары 19,5% арзандаған. Ауыл шаруашылығы өнімдерінен: мақта 7,5% қымбаттап, бидай — 6,7%, жүн — 6,6% арзандады. Импортталған өнімдерден спиртті және спиртсіз ішімдіктер — 14,6%, сүт өнімдері — 11%, макарон өнімдері — 7,3%, шай және құс еті — 4,7%, дәрілік құралдар — 3,5% қымбаттап, көкөніс — 22,2%, жеміс-жидек пен жаңғақтар — 2% арзандады. Қағаз бағасы 13,3%, текстиль өнімдері 7,6%, аяқкиім, 9% көтерілді.

Дереккөз:  inform.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.