Паралимпиада-2018: Қазақстан жалпы есепте 13-орынға көтерілді

0
9

Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында шаңғышы Александр Колядин алтын медаль жеңіп алғаннан кейін, Қазақстан құрамасы жалпы есепте бірден 13-ші орынға көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін ел қоржынына қысқы Параолимпиада тарихындағы алғашқы алтын медаль бұйырған болатын. Соның нәтижесінде Қазақстан құрамасы жалпы есепте бірден 13-ші орынға көтерілді.

Ал әзірге медальдар көрсеткіші бойынша АҚШ 8 алтын, 6 күміс, 6 қола медальмен көш бастап келеді. Ал Ресей құрамасы 6 алтын, 6 күміс, 4 қола медальмен екінші орында келе жатса, үздік үштікті Украина спортшылары түйіндеп тұр. Олардың еншісінде 5 алтын, 4 күміс, 7 қола медаль бар.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін тағы бір қазақстандық шаңғышы Александр Герлицке қола медальға сынық сүйем жетпей қалған болатын. Ол мәре сызығын жүлдегерлерден 43 секунд кейін басып өтіп, 4-ші орынға ие болды.

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here