«Байқоңырға» инвестиция тартып, оны кеңейте береміз – Асқар Мамин

0 5

ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин «Байқоңыр» ғарыш айлағына инвестиция тартылып, оның дамуына барынша жағдай жасалатынын мәлім етті, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA  Baq.kz — ке сілтеме жасап.

«Байқоңыр» ғарыш айлағының маңызы зор. Тәуелсіздік жылдары аралығында онда көптеген ракета ұшырылды. Онда технология дамуда. Бүгін біз «Байқоңыр» портын ғылыми-зерттеу мақсатында, әрі жаңа ғарыш технологияларын пайдалану үшін «Роскосмос» агенттігімен бірігіп пайдаланудамыз», — деді үкімет басшысының бірінші орынбасары КADEX-2018 көрмесі аясында өтіп жатқан «Қазғарыштың 25 жылдығы» атты халықаралық форумда.

Осы орайда Асқар Мамин аталған ғарыш айлағының мүмкіндігін барынша пайдалану маңызды екенін алға тартты.

«Біз аталған ғарыш айлағының қуатын жаңа «Бәйтерек» кешенін жасау үшін қолданудамыз. Бұл бізге спутниктерді ғарышқа ұшырған кезде олардың шектеу деңгейін ұлғайтуға, әрі бір айда бір спутник ұшыруға мүмкіндік береді. Біз «Байқоңыр» ғарыш айлағына инвестиция тартып, оны жаңғыртып кеңейтудеміз. Біз байланысты нығайтуға дайынбыз. Бүгінде экономиканы дамытуға мүмкіндік беретін, жаңа ғарыш бағдарламалары бар. KazSat спутник жүйесін бүгінде «Қазғарыш» басқаруда. Ол ғарыш саласындағы ішкі сұранысты сапалы түрде қанағаттандырып отыр», — деді ол.

Сөз соңында ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары қазақстандық спутниктерден алынған мәліметтерді мемлекеттік органдар тиісті мақсатта пайдаланып жатқанын атап өтті.

«Бүгінде біздің ғарыш жүйеміз мемлекеттік және жеке кәсіпорындарға жоғары деңгейде сапалы қызмет көрсетуде. Біздің жүйеміз арқылы жиналатын ақпаратты ауыл шаруашылығы, қорғаныс, ішкі істер министрліктері пайдаланады. Ғылыми-зерттеу жұмыстарынан жылдар бойы жинаған тәжірибе мен инженерлік тәжірибе бізге ғарыш кемелерін құрастыруға мүмкіндік береді», — деп түйіндеді сөзін Асқар Мамин.

Leave A Reply

Your email address will not be published.