Қазақстан балығы оннан астам елге экспортталады

0 6

Қазақстаннан экспортталатын балық өніміндерінің сапасы Еуропалық одақтың қойылатын жоғарғы талаптарына сәйкес келеді. Бұл туралы Парламент Сенатында ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаев мәлім етті, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Балық шаруашылығын жүргізу және өңдеу мүмкіндігін пайдалану нәтижесінде балық өнімдерін экспорты қамтамасыз етілді. Бүгінгі таңда 17 қазақстандық кәсіпорынның экспортталатын балық өніміндерінің сапасы Еуропалық одақтың қойылатын жоғарғы талаптарына сәйкес келеді. Соңғы жылдары олар өздерін жақсы жағынан көрсетіп, осы нарықта аяғынан тік тұрды деуге болады. Сонымен қатар, балық өнімі экспортының нарығы Қазақстан мен Қытайдың ветеринариялық сертификаттын келісімдеп алуы арқасында кеңейіп келеді. Бұл ретте ҚХР-ның тізіміне 52 отандық өндіруші енгізілген», — деп тоқталды вице-министр.

Бұдан басқа, балық өнімі 10-нан астам мемлекетке (Аустрия, Германия, Грузия, Канада, Қырғызстан, Литва, Нидерланды, Польша, Ресей, Румыния, Тәжікстан, Өзбекстан, Украина, Чехия) экспортталуда.

Е. Нысанбаевтың сөзіне қарағанда, 2017 жылы балық өнімінің импорты осының алдындағы жылдармен салыстырғанда біршама азайды.

«Импорт құрамында теңіз және мұхит балықтары (майшабақ, скумбрия, ақсерке, албырт, нәлім) және теңіз өнімдері (креветка, кальмар, мидия, теңіз қырыққабаты) басым. Олар біздің нарықта сұранысқа ие болып отыр, өйткені ішкі су айдындарында ауланбайды», — деді ол.

Атап айтқанда, Қазақстанда балық шаруашылығының дамытуға ішкі су айдындарының көлемі 3 млн гектардан астам (Каспий теңізін қоспағанда) қолайлы жағдайлар бар. Балық шаруашылығының табыс және халықты жұмыспен қамту, экспортты арттыру әлеуеті, биологиялық әртүрліліктің жаңарып отыратын көзі ретінде маңызы зор.

Leave A Reply

Your email address will not be published.