Қазақстанда қанша адам қыз зорлап сотталған — Статистика

0 3

Бас прокуратура өкілдері Қазақстанда сексуалдық зорлық мәніндегі қылмыстардың статистикасын жариялады, — деп хабарлайды  «Zhambylnews» AA Tengrinews.kz — ке сілтеме жасап.

Құқықтық статистика мен арнайы есепке алу комитетінің өкілдері 2017 жылы сексуалдық мәндегі зорлық үшін 348 адамның сотталғанын хабарлады.

2018 жылдың 6 айында сексуалдық зорлық жасаған 176 адам бас бостандығынан айырылған. Олардың 75-і зорлау үшін, ал 66-сы сексуалдық мәндегі зорлық әрекеттер үшін.

Сондай-ақ, жарты жылды жасы 16-ға толмай сексуалдық мәндегі әрекеттер жасаған 6 адам сотталған, 29 адам балаларды азғындатқаны үшін сотталған.

Прокуратура мәліметінше, сексуалдық мәндегі зорлық әрекеттер көбіне Қарағанды (23), Оңтүстік Қазақстан облысы (21) , Шығыс Қазақстан облысы (19) және Алматы облысында (17) байқалған. Ал зорлық әрекеттер ең аз өңірлердің қатарында Павлодар (4), Маңғыстау (4) және Атырау облыстары (4) бар.

Leave A Reply

Your email address will not be published.