Таразда «Героин» есірткі затын сатушы ұсталды (ВИДЕО)

0 3

Жамбыл облысы ІІД есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы қызметкерлерінің жедел іздестіру іс-шарасы барысында Тараз қаласы аумағында «героин» есірткі затын заңсыз сатумен айналысып жүрген 43 жасар азамат ұсталды, — деп хабарлайды “ZhambylNews” Ақпараттық Агенттігі Жамбыл облысы ІІД Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Күдікті азамат бұрын ҚР ҚК 175 б. 3 б. сотты болған. Іздестіру барысында жалпы салмағы 0,140 грамм «героин» есірткі заттары тәркіленді.

Күдікті өз кінәсін толық мойындап, Тараз қаласының ІІБ уақытша қамаққа ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Қазіргі таңда ҚР ҚК 297 б. 2 б. бойынша қылмыстық іс қозғалып, алдын алу тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.