Мемлекет басшысы Әбдіжәміл Нұрпейісовті қабылдады

0 0

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның халық жазушысы, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әбдіжәміл Нұрпейісовті қабылдады, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

«Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев пен Әбдіжәміл Нұрпейісов мәдениет саласының қазіргі жағдайы жөнінде пікір алмасып, отандық әдебиетті одан әрі дамытудың перспективаларын талқылады», — делінген хабарламада.

Әбдіжәміл Кәрімұлы Нұрпейісов — қазақ әдебиетіне орасан зор үлес қосқан танымалы кеңестік және қазақстандық жазушы әрі аудармашы. Ұлы Отан соғысының ардагері. 22 қазанда оның жасы 94-ке толды.

Нұрпейісовтың «Қан мен тер» трилогиясы әлемнің 30 аса тіліне аударылған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.