«Күн жылынады»: синоптиктер алдағы демалысқа ауа райы болжамын ұсынды

0 2

Синоптиктер 5-8 қаңтарға ауа райы болжамын ұсынды. «Қазгидромет» синоптиктері алдағы үш күндік демалыста ауа райы қандай болатынын хабарлады.

Болжамға сүйенсек, аяз бен жауын-шашынсыз ауа райына себеп болған Сібір антициклоны әлсіреп, шығысқа қарай ығыса бастайды. Оның орнына Қазақстанға Ресейдің еуропалық бөлігінің орталығы мен Қара теңізден циклондар және атмосфералық фронттар жылы әрі ылғалды ауа массаларын әкеледі.

Осыған байланысты 5-8 қаңтар аралығында республиканың басым бөлігінде ауа температурасы жоғарылайды. Алайда атмосфералық фронттар батыстан шығысқа қарай жылжығандықтан, қар, бұрқасын болып, батыстан күшті жел соғады, батыс және оңтүстік облыстарда көктайғақ болып, тұман түседі.

Дереккөз: Sputnik Қазақстан

Leave A Reply

Your email address will not be published.