Жаңбыр мен 37 градус аяз: 11 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

0 2

Республиканың оңтүстік аймағында жаңбырдың арты қарға ұласып, тұман мен көктайғақ болады. Қазақстанның шығысында сынап бағанасы 37 градусқа дейін төмендейді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА Қазгидрометке сілтеме жасап.

«Қазгидромет» мәліметі бойынша, 11 қаңтардан бастап ауа температурасы төмендей бастайды. Шығыс өңірлерде ауа температурасы минус 30-37 градус аралығында болады.

Қазақстанның солтүстік және орталық облыстарында атмосфералық қысым ұлғайып, кей аудандарда аздаған қар жауады. Сондай-ақ, күн 28-35 градусқа дейін суытуы мүмкін.

Республиканың батысында күн суытып, кейін ауа температурасы көтеріледі. Кей жерлерде көктайғақ болып, күн бұлттануы мүмкін.

Leave A Reply

Your email address will not be published.