Қазақстан ресейлік жанармайды елімізге тасымалдауға тыйым салды

0 3

ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына жанармай тасымалдауға үш ай мерзімге тыйым салу туралы бұйрыққа қол қойды, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

«2010 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімнің 1-қосымшаның 9-тармағына сәйкес бұйырамын:

1. Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына бензинді (ЕЭО СЭҚ ТН коды 2710 1241 – 2710 125920 0) теміржол көлігімен әкелуге үш ай мерзімге тыйым салу енгізілсін.

2. ҚР Энергетика министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне хабарлауды; «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ға заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың 1-тармағын іске асыру жөнінде шаралар қабылдау туралы хабарлауды; осы бұйрықты ҚР Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізуді қамтамасыз етсін», — делінген баспасөз хабарламасында.

Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Дереккөз: Bnews.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.