Қазақстанда бұрқасын және ауа температурасының күрт ауытқуы күтілуде

0 1

24-26 қаңтар аралығына еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт өзгереді. Бұл туралы «ZhambylNews» АА Қазгидрометке сілтеме жасап хабарлайды.

Мамандардың хабарлауынша, циклон мен антициклондардың бірінен соң бірінің тез ауысуына байланысты Қазақстанның батыс, солтүстік, орталық және шығыс облыстарында ауа температурасының күрт ауытқуы күтіледі.

Ал циклонмен байланысты атмосфералық фронттармен қар, бұрқасын және батыстан қатты  жел күтіледі.

Республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында ауа температурасының күрт ауытқуы күтілмейді, бірақ атмосфералық фронттармен бұл аймақтарда жылбысқы қар, таулы аймақтарда қалың қар, көктайғақ және тұман күтіледі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.