Қазгидромет: Ақпан айының соңында қар ериді

0 4

Гидролог мамандардың атап өтуінше, 2019 жылғы ақпан айының соңында қар жиналу процесі жалғасады. Метеостансаларда көп жыл бойы жүргізілген бақылау мәліметтері бойынша, ақпан, наурыз және сәуірде бір тәулік ішінде жауын-шашынның бір айлық нормасы түсуі мүмкін, — деп хабарлайды  «ZhambylNews» AA «Қазгиромет» РМК-ға сілтеме жасап.

«Ақпан айында жазықтықтағы өзендерде тасқын болу қаупі 1 пайызды құрап отыр. Айлық синоптикалық болжам бойынша (дұрыстығы — 20-80 пайыз), ақпанның үшінші онкүндігінде күндіз және түнде ауа температурасы көтеріліп, өз кезегінде қардың еруіне, ағынның қалыптасуына және су деңгейінің көтерілуіне әкеліп соқтырады», — делінген хабарламада. 

Leave A Reply

Your email address will not be published.