Министрлік ерікті студенттерге сағатына 1000 теңге төлеуді жоспарлап отыр

0 30

Әлеуметке пайдасы бар қызметпен айналысатын ерікті студенттерге сағатына 1000 теңге төленеді. Бұл туралы білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында министр Ерлан Сағадиев мәлімдеді.

«2019 жыл Жастар жылы болып жарияланды. Осыған байланысты «Әлеуметтік студенттік кредит» жобасы іске асады. Жалпы идея ретінде жоба дайын. Қазіргі уақытта оны жоғары оқу орындарымен бірге талқылап жатырмыз», — деді ол.

Министрдің айтуынша, осы жоба аясында студенттер волонтерлік қызметке тартылады.

«Қысқаша айтар болсақ, студенттерге бір семестрде 2 және 5 академиялық кредитке екі түрлі ваучер ұсынылады. Бұл 20 және 50 сағат, тиісінше сағатына мың теңгеден төленіп отырады», — деді Сағадиев.

Үш жыл ішінде жобаға қатысатын студенттер санын жылына 20 мыңға дейін жеткізу жоспарланып отыр.

БҒМ баспасөз қызметінің мәліметінше, әлеуметті студенттік ваучер әлеуметтік пайдасы бар қызметпен айналысатын студенттерге беріледі. Яғни, олар инклюзивті білім; репетиторлық (қазақ тілі, ағылшын тілі, компьютердік сауаттылық); девианттық мінез-құлықты кәлеметке толмаған балалармен жұмыс жасау; аулаішілік және спорттық клубтарды ұйымдастыру; егде жастағы адамдармен әлеуметтік жұмыс.

Дереккөз: Sputnik Қазақстан

Leave A Reply

Your email address will not be published.