Асқар Мамин Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысын өткізді

0 0

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтті. Бұл туралы primeminister.kz сайтында хабарланды.

Отырысқа қатысушылар Ауыл шаруашылығы министрлігі ұсынған проблемалы агрохолдингтердің активтерін сауықтыру жөніндегі шараларды талқылады. Атап айтқанда, тиісті Жол картасының жобасы қаралды.

Сонымен қатар, көктемгі егіс жұмыстарын уақытылы жүргізуді қамтамасыз ету мәселелеріне назар аударылды.

Отырысқа бейнеконференция жүйесі бойынша, сондай-ақ Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Ақтөбе облыстарының әкімдері қатысты.

Талқылау қорытындысы бойынша «ҚазАгро» холдингі» АҚ-ның және «Проблемалы несиелер қоры» АҚ-ның, бірқатар облыс әкімдіктерінің проблемалы агрохолдингтер бойынша бірлескен іс-қимыл Жол картасының жобасы мақұлданды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Leave A Reply

Your email address will not be published.