Өзбекстандық депутат еліміздегі президенттік сайлау туралы пікір білдірді

0 2

Қазақстанда ашықтық та, бірлік те, демократия да бар. Ең бастысы ел еркін.

Ендігі жерде Ұлы дала елінің Тәуелсіздік жылдары жеткен жетістігін жалғайтын білікті басшы қажет. Еліміздегі кезектен тыс президент сайлауына қатысты пікір білдірген Өзбекстандық саясатшы осылай дейді. Қазақстан мен Өзбекстан бағзы заманнан аралас-құралас жатқан ел. Тілі мен ділін айтпағанда бауырмалдығы бір төбе. Көршінің жетістігіне қуана білудің өзі азаматтық, дейді депутат.

Акмал Рахманов, Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісінің депутаты:

— Қазақстан Республикасында сайлаудың Конституция мен заң шеңберінде ашық әрі әділ өтетініне сенімдімін. Оған құқықтық және заңнамалық құжаттар негіз бола алады. Осы сәтті пайдалана отырып көрші, әрі бауырлас Қазақстандықтарға, мемлекетті одан әрі дамытуға, тыныштық пен қолда бар құндылықты сақтай отырып ғана қол жеткізе аласыздар деген тілек арнағым келеді.

Дереккөз: 24.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.