Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады

0 1

23 наурызда атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады.

Кей жерлерде жауын жауып, кейбір аймақта жел күшейіп, тұман, көктайғақ, бұрқасын болады. Ақмола, Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің екпіні таңертең және күндіз 15-20 м/с соғады. Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында түнде және таңертен тұман түсіп, күндіз кей жерлерінде жел күшейеді. Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман болады.

Дереккөз: Baq.kz 

Leave A Reply

Your email address will not be published.