Павлодарда автомобиль үйге кіріп кетті

0 0

Павлодарда автомобиль тұрғын үйге кіріп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2018 жылдың 26 наурызында Павлодар қаласында Максим Горький және Академик Сәтбаев көшелерінің қиылысында Subaru Forester мен Volkswagen Golf көліктері соқтығысты. Соның салдарынан Subaru Forester Академик Сәтбаев көшесіндегі үйдің қоршауын бұзып кірді», — деп хабарлады Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметінен.

Instagram-дағы «Типичный Павлодар» тобында жарияланған фотода автомобильдің қабырғасы ағаштан жасалған үйге кіріп кеткені көрініп тұр. Павлодар орталығындағы бұл қиылыстағы үйге көліктерін басқара алмайтын жүргізушілер бұдан да бұрын кіріп кетіп, танымал болған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.