Өңірде «7-20-25» бағдарламасы бойынша 10 банк жұмыс жасайды

0 3

Өңірде «7-20-25» бағдарламасы бойынша 10 банк жұмыс жасайды. Бұл туралы Тараз қаласының әкімдігінде  өткен жиында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ Жамбыл облысы аймақтық филиал директоры Бақытжан Исақов айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Жиынға Жамбыл облысының жеке құрылыс салушылары мен құрылыс компаниялары, сондай-ақ Тараз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі мен кәсіпкерлік бөлімі қатысты.

Кездесу барысында «Даму» Қорының Жамбыл облысы бойынша аймақтық филиалының өкілдері «Нұрлы жер» бағдарламасының субсидиялау құралы арқылы тұрғын үй құрылысын дамыту туралы айтты.

— Таразда қазіргі уақытта «7-20-25» бағдарламасы бойынша 10 банк жұмыс жасайды. Сондай-ақ, бүгінгі күні Ұлттық банктің базалық ставкасы 9% — ды құрайды, сәйкесінше құрылыс салушыға арналған сыйақы мөлшерлемесі жылдық 14% — дан аспауы тиіс. Оның ішінде «Даму» Қоры сыйақы мөлшерлемесінің жылдық 7% субсидиялайды. Қалған 7% жылдық құрылыс салушы төлейді. Субсидиялар тұрғын үй құрылысы саласында өз қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлердің жаңа кредиттері бойынша беріледі, — деді Бақытжан Исақов.

Бұдан басқа, бағдарламаға қатысушыларға талап етілетін шарттар, пайыздық мөлшерлемені субсидиялауды беру тетіктері және Жамбыл облысы бойынша Бағдарламаның үйлестірушілері туралы түсіндірілді.

Бағдарламаны іске асыру тетігіне бойынша банктер жеке құрылыс салушыларға ӨҮК (өңірлік үйлестіру кеңесі) субсидиялау туралы шешім қабылдау сәтінде ҚР Ұлттық Банкінің базалық ставкасының 5% — ынан аспайтын сыйақы мөршерлеме бойынша тұрғын үй құрылысына несие береді.

Айта кетейік, бағдарлама 4 кезең бойынша іске асады. Бірінші кезеңде банктер мен қор нарығының мүмкіндіктерін барынша іске қоса отырып, ипотекалық кредиттердің секьюритилендіру тетігін қалпына келтіреді. Екінші кезеңде, бағдарламаны тиімді іске асыру үшін осы компанияны қаржы агенттігі тануы керек. Яғни, бұл –компанияның облигациялары үшін мемлекеттік бағалы қағаздарға салық салғандай салық салу дегенді білдіреді. Үшінші кезең, тұрғын үй бастамасының жаңа мүмкіндіктері әркімге жеңілдік талаптарын беретін мемлекеттің теңдесіз қадамы болып сипатталады. Төртінші кезең жеңілдік берілген ипотекалық кредиттер толығымен қамтамасыз етілген және түгел қайтарымды болуға тиіс екендігін білдіреді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.