«Қазгидромет» мамандарының мәліметінше, алдағы демалыс күндері еліміз солтүстіктен келген циклонның ықпалында болады.
Синоптиктердің болжамына сәйкес, көптеген өңірлерде жаңбырдың соңы қарға ұласып, ауа температурасы біртіндеп төмендейді.
4 қарашадан бастап елімізге нағыз қыс келеді.
Солтүстік және шығыс аймақтарда түнде ауа температурасы -13 °C-қа дейін төмендеп, күндіз -11 °C шамасында аяз болады. Бұл өңірлерде қар жауып, боран соғып, көктайғақ түзілуі мүмкін.
Оңтүстік өңірлерде де күн суытады: түнде ауа температурасы -13 °C дейін, күндіз шамамен -5 °C болады. Кей жерлерде жауын-шашын күтіледі.