Назарбаев келесі аптада Финляндия мен Бельгияға барады

0 0

Қазақстан Президентінің қатысуымен өтетін алдағы іс-шаралар аңдатпасы Ақорда сайтында жарияланды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті биылғы 16-17 қазанда Финляндия Республикасына ресми сапармен барады.

Сапар аясында Нұрсұлтан Назарбаевтың Финляндия Республикасының Президенті Саули Ниинистёмен шағын және кеңейтілген құрамдағы кездесуі, сондай-ақ Финляндияның іскер топтар өкілдерінің форумына қатысуы жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы биылғы 18-19 қазанда Бельгия Корольдігінің Брюссель қаласында өтетін «Азия-Еуропа» форумының (АСЕМ) 12-ші саммитіне қатысады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.