Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

0 2

Солтүстік, орталық және шығыс облыстарыда қар жауады деп күтілуде. Баренц теңізі аудандарында қалыптасқан суық атмосфералық фронттардың салдарынан Қазақстанға арктикалық ауа массалары ағыла бастайды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Соңғы уақытта республикадағы ауа температурасы климаттық нормадан жоғары болса, ал алдағы үш тәулікте ол төмендейді және әдеттегі нормадан 3…..8°С төмен болады. Күн салқындап қана қоймай, жауын-шашынды, қар жауып, тұман түсіп, көктайғақ болады.

Ал солтүстік, орталық және шығыс облыстарында қар жауып, нағыз қысқы ауа райының нышаны айқындала түседі. Боран, солтүстік-батыстан күшті жел соғып, түнгі уақытта 10-15 градусқа дейін салқындап, кей жерлерде 20 градус аяз болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.