Халық санағы келесі жылға шегерілуі мүмкін

0 0

Індетке байланысты халық санағы келесі жылға шегерілуі ықтимал, деп хабарлайды “ZhambylNews”  АА  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Жалпы Қазақстанда халық санағын 2020 жылдың 1 қазанынан бастап жүргізу жоспарланған еді. Алайда халық санағын жүргізетін қызметкерлер халықпен жақын қарым-қатынаста еңбек ететіндіктен, коронавирус инфекциясы қаупінің алдын алу мақсатында Ұлттық экономика министрлігі Үкіметке санақты келесі жылға шегеруді ұсынды. Мұндағы негізгі себеп – халықтың мен халық санағын жүргізетін персоналдың амандығы. Біз тиісті шешімді күтіп отырмыз», — деді Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Еске сала кетсек, бұған дейін Руслан Дәленов Қазақстанның жалпы ішкі өнімі биыл қандай деңгейде болатынын айтып берген болатын.

Leave A Reply

Your email address will not be published.