Қазақстан өңірлерінде модульдік 13 жаңа инфекциялық аурухана салынады

0 1

Коронавирус індетімен күрес үшін 13 жаңа инфекциялық аурухана салынады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлім етті, — деп хабарлайды “ZhambylNews” АА ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

«Сіздің тапсырмаңыз бойынша коронавирус індетімен күресу бағытында 13 жаңа инфекциялық аурухана құрылысы жүргізілетін болады. Өз кезегінде қосымша 5 мың тұрақты жұмыс орны ашылады», — деді министр.

Ведомство мәліметіне қарағанда, 13 модульдік инфекциялық аурухана 2,7 мың орынға арналмақ.

Айта кетейік, Б.Нұрымбетов Үкімет отырысында қазақстандықтарды жұмыспен қамту шаралары жөнінде баяндаған болатын.

Leave A Reply

Your email address will not be published.