Елімізде «ән салатын» жол пайда болды (видео)

0 0

«Нұр-Сұлтан – Щучинск» тас жолында музыкалық дыбыс жолақтары орнатылды деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол» АҚ баспасөз қызметі.

Еліміздегі көлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету аясында «ҚазАвтоЖол» АҚ шетелдік (Германия, Корея, АҚШ, Жапония, т.б.) тәжірибелерге сүйене отырып Нұр-Сұлтан-Щучинск ақылы учаскесінде «музыкалық жолақтар» пилоттық жобасын енгізген.

Жобаның мақсаты – көлік апатының қаупі бар учаскелерде қозғалыс жылдамдығын төмендету.

Яғни автокөлік сағатына 90 шақырым жылдамдықпен қозғалған кезде дыбыс жолақтарының үні өзгеріп, жүргізушінің көңілін аударып, жылдамдықты азайтуға себепші болады.

Әуен көлік дөңгелектері мен суық пластиктен жасалған дыбыс жолақтары жанасқан кезде естіледі.

Айта кетейік, бұл технология елімізде алғаш рет қолданылуда.

«ҚазАвтоЖол»АҚ «музыкалық жолақтарды» Қазақстанның өзге жолдарында да орнатуды жоспарлап отыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.