Жаңа стандарттарға сәйкес 3500-ден астам ауылды жаңғыртамыз — Президент

0 1

Аумақ пен кеңістік тұрғысынан еліміздің теңгерімді дамуы үшін жаңа стандарттарға сәйкес 3500-ден астам ауылды жаңғыртамыз. Бұл туралы бүгін жетінші шақырылған ҚР Парламентінің бірінші сессиясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды “ZhambylNews” АА.

«Бұл ретте барлық өңірлерді біртұтас экономикалық кеңістік арқылы байланыстыратын аса маңызды салаларды дамытуға баса назар аударамыз. Атап айтқанда – көліктік, энергетикалық және цифрлық инфрақұрылымдар. Біз басқарылатын урбанизацияны ескеріп, даму ошақтарын жүйелі ілгерілетуге күш саламыз. Өңірлерді, қалаларды, аудандар мен ауылдарды өзара байланыстыратын инфрақұрылымды жақсартуға басымдық беріледі» — деді Президент.

Leave A Reply

Your email address will not be published.