Зейнеткер протез тісін жұтып қойып, онымен бірнеше күн жүрген

0 12

Англияда ер адам ота кезінде алып-салынатын жасанды тісін жұтып қойған. Протез оның тамағында сегіз күн бойы тұрған, деп хабарлайды «Zhambylnews» AA «Stan.kz» ке сілтеме жасап.

72 жастағы зейнеткер дәрігерлерге тамағы ауырып, жиі жөтелетінін айтқан. Ол бінеше күн бұрын ішіне ота жасатыпты. Дәрігерлер өкпе қабынуы болуы мүмкін деп, оған антибиотиктер жазып берген. Бірақ зейнеткер тамағының жазылмағанын айтып, қайта келеді.

Ер адамды толығымен тексергеннен кейін ғана дәрігерлер оның тамағында алынып-салынатын протез тіс тұрып қалғанын байқайды. Сөйтсе ота кезінде қарт кісі протез тісін жұтып қойған екен. Бірден ота жасаған. Науқас үйіне жіберілгеннен кейін тағы да жағдайы нашарлап ауруханаға түседі. Екінші рет ота жасағаннан кейін барып зейнеткердің жағдайы жақсарған.

Дәрігерлердің айтуынша, мұндай оқиға жиі кездеседі. Сол үшін де үлкен кісілерге ота алдында протез тістерін алып тастауға есерту жасады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.